Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингтің жетінші сатысындағы Елена Рыбакинаға арналған арнайы бейнеролик жариялады.
Бейнежазба бірнеше сағат ішінде мыңдаған қаралым мен лайк жинап, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. Теннис сүйер қауым Рыбакинаны мақтау сөздерге толы пікірлерге көміп тастады.
Жанкүйерлер пікірлері:
thomaspw__: "Ол – біз күткен теннис жұлдызы!"
estefanialopez1: "Нағыз ханшайым!"
Aidarbimatov: "Турдың ең сұлу теннисшісі!"
trnchyn__: "Керемет, талантты, жүрегі кең Елена!"
aidywhittles: "Ол – ғаламшардағы ең әдемі әйел! Өте қатты құрметтеймін!"
mauriciodominguezleon: "Турдың ең дарындысы! Бірақ командадағы мәселелер оған қатты әсер етті. Лена қайтадан өз ырғағына еніп, бізді кордтағы ойынымен таңғалдыруын күтеміз!"
alexandraluciana29: "Ол таңғажайып! Елена бұрынғыдан да жарқырай түседі! Мен оған әрдайым сенемін. Ол – менің жүрегіме жол тапқан бірегей алтын қыз!"
Marioperezperdomo: "Ол көзтартарлық сұлулыққа ие!"
Елена Рыбакина жанкүйерлердің осындай қолдауына лайық екенін әлдеқашан дәлелдеді. Ол тек сұлулығымен ғана емес, талантымен, еңбекқорлығымен және мінезімен де ерекшеленетін әлемдік теннис жұлдызы.