Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Америкалық теннисші Рыбакинаға бірге болуға ұсыныс тастады

Сарапшы, спорт журналисі
06.03.2025, 15:24

ATP рейтингі бойынша әлемнің төртінші ракеткасы Тейлор Фриц қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға жұптасып өнер көрсетуге ұсыныс жасады.

zakon.kz
Реклама
Реклама

Елена Рыбакина мен Тейлор Фриц Индиан-Уэллсте өткен көрме турнирінде жеңіске жеткеннен кейін, америкалық теннисші қазақстандық спортшыға US Open-2025 турнирінің микст санатында жұп болып ойнауға ұсыныс жасады.

“Мен Еленаға US Open-да микст ойнағысы келе ме деп сұрадым. Үміттенемін, ол келіседі”, – деді Фриц.
“Иә, біз ойнаймыз деп үміттенемін”, – деп жауап берді Рыбакина Tennis Channel-ге берген сұхбатында.

US Open-2025 микст турнирі қалай өтеді?

  • Жұптық микст US Open басталғанға дейін, 19-20 тамыз күндері өтеді.
  • Жарысқа 16 команда қатысады.
  • 8 жұп рейтинг бойынша анықталса, қалған 8 жұпқа wild card беріледі.

Егер Рыбакина мен Фриц жұп құруды ресми түрде растаcа, бұл теннис әлеміндегі ең қызықты дуэттердің бірі болмақ.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары