Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингі бойынша 7-орын) АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан беделді турнирдегі алғашқы кездесуін сәтті өткізді.
Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастады. Бұл кезеңде ол Нидерланд өкілі Сюзан Ламенспен (WTA рейтингі 64-орын) кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте — 6:3, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді.
Келесі кезеңде ол британиялық Кэти Бултермен ракетка түйістіреді.
Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да жарысты екінші айналымнан бастады. Ол чехиялық Катерина Синяковадан (WTA рейтингі 59-орын) 2:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.
Биыл Индиан-Уэллс турнирінің жалпы жүлде қоры 8 963 700 АҚШ долларына тең. Турнир жеңімпазы 1 124 380 доллар көлемінде сыйақы алады және WTA рейтингіне 1000 ұпай қосады.
Қазіргі уақытта турнирдің қорғаушы чемпионы – польшалық Ига Швентек (WTA рейтингі 2-орын).