Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирді сенімді жеңіспен бастады
19.03.2025, 06:46
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (ATP рейтингінде 245-орында) Мексиканың Мерида қаласында өтіп жатқан Челленджер турниріндегі алғашқы матчында сенімді жеңіске жетті.
kazpravda.kz
Дмитрий Попко турнирдің алғашқы айналымында эквадорлыш Андрес Андрадеге (254-орын) қарсы ойнады. Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылып, қазақстандық теннисші 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Келесі кезеңде Попко Дэн Мартин (Канада, 785-орын) мен Хуан Карлос Прадо Анхело (Боливия, 302-орын) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Чемпион атанған спортшы 14 200 доллар жүлде мен 75 ATP рейтингілік ұпайын иеленеді.
Турнирдің басты фавориті боливиялық Уго Дельен (ATP рейтингінде 103-орын) саналады.
Дмитрий Попко жарыстың 6-нөмірлі спортшысы ретінде тіркелген.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама