Александр Бублик Майами турнирін жеңіспен бастады
19.03.2025, 22:19
Қазақстандық теннисші Александр Бублик АҚШ-та өтіп жатқан Майами Masters турниріндегі алғашқы кездесуінде сенімді жеңіске жетті.
zakon.kz
Бублик аргентиналық қарсыласынан екі сет қорытындысында басым түсті. Қазақстанның бірінші ракеткасы 1/64 финалда Себастьян Баэсті 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Отандасымыздың келесі қарсыласы америкалық Томми Пол болады. Майами Masters турнирі 18-30 наурыз аралығында өтеді.
Александр Бублик өткен аптада Финикстегі хард турнирінде тамаша ойын көрсетті. Финалда ол бразилиялық жас талант Жоао Фонсекеге тек екі тай-брейкте жол берді.
Майами турнирінің басты фавориттері кімдер?
Янник Синнер бұл турнирден шет қалғандықтан, басты фавориттер қатарына мыналар кіреді:
- Карлос Алькарас
- Новак Джокович
- Александр Зверев
- Даниил Медведев
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама