Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (әлемдік рейтингте 245-орында) Мексиканың Морелия қаласында өткен ATP Challenger турнирінде жеңіске жетті.
Финалда Дмитрий турнирдің бірінші нөмірлі, ал әлемдік рейтингте 95-орында тұрған австралиялық Джеймс Даквортпен кездесті. Попко 1:6, 6:2, 6:4 есебімен басым түсті. Ойын бір сағат 47 минутқа созылды. Бұл уақытта Попко сегіз эйс жасап, алты брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланды.
Осылайша 28 жастағы Дмитрий Попко өзінің кәсіби мансабында екінші рет ATP Challenger турнирінде топ жарды. Алғашқы жеңісі 2021 жылы Лиссабонда тіркелген. Сонымен қатар теннисшінің еншісінде 26 ITF титулы бар екенін айта кеткен жөн.
Морелиядағы "Челленджер" турнирінің жалпы жүлде қоры 200 мың АҚШ долларына (шамамен 96 миллион теңге) тең болды.