Триумфтан кейінгі жеңісті бастама: Дмитрий Попко Мексикадағы турнирді жеңіспен бастады
02.04.2025, 13:40
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (ATP рейтингінде 175-орын) Мексиканың Морелос қаласында өтіп жатқан турнирдің алғашқы кезеңінде жеңіске жетті.
sportburo.kz
Турнирдің 1/16 финалында Попко бразилиялық Фелипе Мелигени-Алвесті (ATP №254) тізе бүктірді. Екі сетте де сенімді ойын көрсеткен қазақстандық теннисші матчты 6:3, 7:6 (7:2) есебімен аяқтады.
Келесі айналымда Дмитрий Попко германиялық Макс Вискандт (ATP №497) пен америкалық Максим Кресси (ATP №321) арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Бұл матч турнирдің екінші кезеңіндегі басты тартыстардың бірі болмақ.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама