Қазақ боксшысы нокаут шеберімен кездеседі

Редактор Penalty.kz
07.05.2025, 06:36

Ержан Зәлілов кәсіби рингке қайта оралады. Ол 23 мамырда Тәжікстан астанасы Душанбеде өтетін IBA.PRO 6 турнирінде өнер көрсетпек.

offside.kz

Ержан Зәлілов (13 жеңіс, 4 жеңіліс, 2 тең) бұл кеште әлі жеңілмеген, бес жекпе-жектің бәрін мерзімінен бұрын аяқтаған тәжік боксшысы Акмаль Убайдовпен (5-0, 5 КО) қолғап түйістіреді. Убайдов — қауіпті әрі қарқыны жоғары нокаутер ретінде танылған. Оның барлық жекпе-жегі техникалық немесе классикалық нокаутпен аяқталған.

Қазақстандық боксшы соңғы рет 2022 жылдың шілде айында Ресей өкілі Армен Атаевпен (8-8-1, 4 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған. Содан бері ол рингке шықпады. Бұл жолы Зәліловтың басты мақсаты — өз орнын қайта дәлелдеу және рейтингтік жолын жалғастыру.

Ал Акмаль Убайдов соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың қазан айында өткізді. Ол Өзбекстан боксшысы Темур Кушаковты (4-2, 2 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп шықты.