Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының кестесі жарияланды
06.05.2025, 22:25
Азия бокс конфедерациясы (ASBC) жастар мен 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Құрлықтық чемпионатының ресми кестесін жариялады.
Instagram/@boxingkazakhstan
Құрлықтық дода 10-24 мамыр аралығында Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өтеді. Турнир алдындағы техникалық жиналыс пен жеребе 11 мамырда өтсе, алғашқы жекпе-жектер 12 мамырда басталады.
Жекпе-жек кестесі:
- 12-18 мамыр — Іріктеу кезеңдері
- 19 мамыр — Демалыс күні
- 20-21 мамыр — Жартылай финалдық кездесулер
- 22-23 мамыр — Финалдық жекпе-жектер
- 24 мамыр — Турнирдің жабылу салтанаты
Коломбо төрінде өтетін чемпионатта қазақстандық жас боксшылар да бақ сынайды. Олар ел намысын қорғап, Азияның үздік спортшыларымен күш сынасады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама