UFC: Қырғыз қыздың чемпиондығы қыл үстінде тұрды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
11.05.2025, 11:35

UFC 315 турнирінде қызу айқастардың бірі — әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жек болды. Бұл бәсекеде Қырғызстан өкілі Валентина Шевченко (24-4-1) мен франциялық Манон Фиоро (12-1) өзара мықтыны анықтады.

thescore.com

Чемпиондық белдік пен төрешілер шешімі

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек толық дистанцияда өтті. Қос файтер де айқын басымдық көрсете алмағанымен төрешілер бірауыздан шешім шығарып (үш рет 48-47), жеңісті Шевченкоға берді. Осылайша Валентина кәсіби мансабындағы 25-ші жеңісіне жетіп, UFC чемпиондық белдігін сәтті қорғады. Ал қарсыласы Манон Фиоро екінші рет ММА аренасында жеңіліс тапты.

Шевченконың үстемдігі жалғасып жатыр 

Валентина Шевченко — әйелдер ММА-сының ең танымал және тұрақты чемпиондарының бірі. Бұл жеңіс оның чемпиондық статусының кездейсоқ емес екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Кәсіби техника, төзімділік және тактикалық шеберлік — оның басты артықшылықтары.