Кәсіби ММА аренасында жұлдызы жарқырап келе жатқан Саят Әбдуали (8-0) Өзбекстанда өткен Octagon 72 турнирінде кезекті жеңісіне жетті.
Ташкентте ұйымдастырылған Octagon 72 турнирінде Саят Әбдуали өзбекстандық Хусанбой Атабаевпен (10-12) октагонға шықты. Бұл жеңіл салмақтағы айқас үш раундқа жоспарланды. Бірақ екінші раундта Әбдуали техникалық нокаутпен жеңісті жұлып алды.
Осылайша 23 жастағы Саят Әбдуали кәсіби мансабындағы сегізінші жеңісін тойлады. Оның барлық жекпе-жегі жеңіспен аяқталған. Ал оның қарсыласы Хусанбой Атабаев үшін бұл қатарынан он екінші жеңіліс болды.
Сарапшылар мен жанкүйерлер Саят Әбдуалиді қазірдің өзінде UFC-де өнер көрсететін, ешбір жеңілісі жоқ (19-0) Шавкат Рахмоновпен салыстыра бастады. Жас спортшының қарқыны мен техникалық шеберлігі оны болашақта әлемдік аренада жарқырайтын жаңа жұлдызға айналдыруы мүмкін.