Қазақстан Кубогы: Финалға шыққан "классиктер" белгілі. Сіздің өңірден кім бар? (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
28.05.2025, 18:21

Бүгін Астанада үш күнге созылатын Қазақстан кубогының грек-рим күресі бойынша кезеңі басталды.

sportarena.kz

Астана төріндегі дода: былтырғы чемпион жарыстан шығып қалды

Алғашқы жарыс күні таңғы және кешкі сессия қорытындысы бойынша финалға жолдама алған балуандар есімі белгілі болды. Алайда басты жаңалықтардың бірі — былтырғы чемпион Әлімхан Сыздықовтың жарыстан тыс қалуы болды. Ол 130 келіге дейінгі салмақта ширек финалда Мансұр Шадукаевқа сенсациялық түрде туше әдісімен ұтылды. 

Финалға шыққан балуандар 

55 кг

  • Алпамыс Дастанбек (Қызылорда облысы) — Марлан Мұқашев (Астана)

60 кг

  • Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы) — Ғалым Қабдунасаров (Жетісу облысы)

72 кг

  • Данияр Қаленов (Солтүстік Қазақстан облысы) — Мерей Мәулітқанов (Астана)

97 кг

  • Салауат Ахметқали (Шығыс Қазақстан облысы) — Юсуф Мациев (Қостанай облысы)

130 кг

  • Ақарыс Бердашов (Алматы облысы) — Мансұр Шадукаев (Қостанай облысы)

Чемпиондық белдесулер ертең, сағат 18:00-де басталады.