Дзюдодан ӘЧ: Ел намысын кім қорғайды?

Редактор Penalty.kz
31.05.2025, 18:55

Жуырда Венгрия астанасында өтетін дзюдодан Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының толық құрамы белгілі болды.

t.me/sportzhaily

13–20 маусым күндері Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтетін дзюдодан Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды. Халықаралық дзюдо федерациясының мәліметінше, Әлем чемпионаты 14 салмақ дәрежесінде өтеді. Байрақты бәсекеге 92 елден 566 дзюдошы қатысады деп күтілуде. 

Қазақстан құрамасының толық құрамы

Ерлер:

  • 60 кг: Мағжан Шамшадин, Шерзoд Давлатов
  • 66 кг: Ғұсман Қырғызбаев
  • 73 кг: Есет Қуанов
  • 81 кг: Абылайхан Жұбаназар
  • 90 кг: Мейірлан Максим
  • 100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
  • +100 кг: Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер:

  • 48 кг: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
  • 63 кг: Эсмигүл Құйылова