Қазақстандық боксшы Голландияның Эйндховен қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Финалдық жекпе-жекте ол Париж Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаевты жеңіп, әлемдік бокста үлкен сенсация жасады.
70 келі салмақ дәрежесіндегі финал ұзаққа созылған жоқ. Бірінші раундтан кейін Абылайхан жарақатына байланысты рингке қайта шыға алмады. Дегенмен төрешілер жекпе-жекті тоқтатып, алғашқы раундтағы ұпайларды есепке алды.
Нәтижесінде төрешілердің хаттамасында басым болған Жүсіпов жеңімпаз деп танылды. Алайда бұл шешімге Өзбекстан бокс федерациясы наразылық білдіріп, әділетсіздік деп баға берді.
Бұл алтын жүлде мен атышулы жеңістің арқасында Абылайхан Жүсіпов BoxRec порталының мәліметі бойынша әлемдік рейтингте жоғары көтерілді. Енді ол салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылар тізімінде 7-орында тұр.
Ол артта қалдырған мықтылар қатарында: