Шавкат Рахмонов Алматыдағы жекпе-жектен кейін көз жасын әрең тыйды – бауырмал реакция елді сүйсінтті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
14.06.2025, 09:30

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Алматыда өткен кештің басты жекпе-жегінде Фаниль Рафиковтың жеңісінен кейін эмоциясын жасыра алмады. 

sportnews.kz

Жекпе-жек қалай өтті?

Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінің басты оқиғасы — Фаниль Рафиков пен Мариф Пираев арасындағы айқас жанкүйерлер үшін нағыз шоу болды. Екі спортшы ММА-да бақ сынап жүргенімен бұл жолы кәсіпқой бокс ережесімен жұдырықтасты.

Фаниль Рафиков ресейлік қарсыласын бір ауыздан төрешілер шешімімен жеңіп, өзінің кәсіби бокстағы екінші жекпе-жегінде сенімді жеңіске жетті. Ал Мариф Пираев үшін бұл – рингтегі дебют еді.

Рахмоновтың реакциясы – нағыз бауырмалдықтың белгісі

Кездесуден кейін Dar Team Instagram парақшасында Шавкат Рахмоновтың жанкүйерлермен қуана құшақтасып, камера алдында "соққы" жасаған сәтін жариялады.

"Шавкат өз командаласы Фанильдің жеңісіне ерекше қуанып жатыр! Нағыз бауырмал командалық рух осындай болады! Бұл – арман командасының айғағы", – деп жазды Dar Team.

Желі қолданушылары арасында видео кең таралып, Рахмоновтың шынайы эмоциясы елдің жүрегіне жетті.