Астана төрінде өтіп жатқан бокстан World Boxing кубогының алғашқы кезеңінде қазақстандық Назым Қызайбай жанкүйерлерін қуантты.
Олимпиада-2024 қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы Назым Қызайбай өз елінде өтіп жатқан жарыстың алғашқы айқасын сенімді жеңіспен бастады. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан былғары қолғап шебері 1/8 финалда Канада атынан келген Приянка Дхиллонды төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.
Приянка Дхиллон — халықаралық аренада тәжірибесі бар спортшы. Ол 2022 жылғы Достастық ойындарында қола жүлде иеленген. Алайда бұл жолы оның шеберлігі Назымның екпінді техникасына қарсы тұра алмады.
Аталған жеңістен кейін Қызайбай жарыстың ширек финалына жолдама алды. Ол енді Кубок жүлдесі үшін күресті жалғастырады. Айта кетейік, Назым Қызайбай — 2014, 2016 және 2025 жылдары әлем чемпионы атанған, сондай-ақ 2021 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы. Жерлесіміздің биылғы жарыстағы басты мақсаты — әлем кубогын өз елінде ұтып алу.
“Астана төріндегі жеңіс — тек басы ғана. Жанкүйерлердің қолдауы ерекше мотивация береді", — деп бөліскен еді Назым жарыс алдында.