Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары қанша табатыны белгілі болды

Редактор Penalty.kz
03.07.2025, 10:00

IBA президенті Умар Кремлев 2028 жылдан бастап жүлде қоры 25 миллион долларға дейін өсетінін мәлімдеді.

Stan.kz

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) алдағы әлем чемпионатында жүлде қорын бірнеше есе арттырады. Бұл туралы ұйым президенті Умар Кремлев мәлімдеді, деп хабарлайды sports.kz.

Чемпион — 1 миллион доллар алады

Умар Кремлевтің айтуынша, енді әуесқой бокстан әлем чемпионатында жүлде қоры 5 миллион доллардан 25 миллион долларға дейін өседі. Жаңа жүйе бойынша:

  • Әлем чемпионына — 1 миллион доллар табысталады;
  • Төртінші және бесінші орын алғандар да арнайы сыйақы алады;
  • Бұдан былай чемпионаттар 3 жылда емес, әр 2 жыл сайын өтеді.

«Әуесқой бокста әлем чемпионатының жүлде қоры 5 миллион доллардан асады. 2028 жылы ол 25 миллион долларға жетеді. Чемпион 1 миллион алады. Төртінші және бесінші орын иелеріне де марапат беріледі», – деді Умар Кремлев.

Қазақстанның жетістігі — үміт бар

2023 жылы Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен ерлер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті:

  • 4 алтын медаль
  • 1 күміс медаль

Бұл көрсеткіш Қазақстанды әлемдік деңгейдегі бокстағы жетекші елдердің бірі ретінде дәлелдеді. Енді алдағы чемпионаттарда тек спорттық емес, қаржылық мотивация да жоғары болмақ.