Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақ боксының алтын дәуірі: Кубалықтарды соққыға жыққан жылдар және Өзбекстаннан асып түскен мықтылық

Редактор Penalty.kz
04.07.2025, 16:08

Бокстан Астанада өтіп жатқан әлем кубогы Қазақстан құрамасының тарихтағы айбарлы жолын еске түсіруге тамаша себеп. Бүгінгі жеңістеріміз кездейсоқ емес. Себебі қазақ боксы бұдан жиырма жыл бұрын әлемдік аренада айқын үстемдікке ие еді. Сол кезеңге шолу жасап көрсек.

1bol.kz

Афиныдан кейінгі серпін: жаңа дәуірдің бастауы

2004 жылғы Афины Олимпиадасы қазақ боксы үшін бірнеше маңызды жайтты көрсетті:

  • Олимпиададағы алтын медальдардың басты көзі — бокс;
  • Жас әрі дарынды спортшылар өсіп келе жатты;
  • Бақтияр Артаев 21 жасында керемет нәтиже көрсетіп, жаңа жұлдызға айналды;
  • Сиднейдегі триумфтан кейінгі буын ауысуы сәтті өтті.

Олимпиада аяқталған соң ұлттық құрамада жаңалықтар болды: Ермахан Ыбырайымов бапкерлік қызметті Дамир Буданбековке тапсырды. Ол өз командасына мықты мамандарды жинап, дайындықты күшейтті.

2005 жыл: Үш майдан — бір нәтиже

1. Мәскеудегі Әлем кубогы

Қазір Өзбекстан бокста көш бастап тұр десек те, 2005 жылы жағдай мүлде басқаша болатын. Сол жылы Өзбекстан Мәскеуге құрама команда жасақтай алмады, ал Қазақстан үздік құраммен өнер көрсетті.

Грузия мен Африка құрамаларына қарсы жекпе-жектер 20:2 есебімен аяқталды — абсолютті басымдық!
Жартылай финалда кубалықтармен тарихи матч өтті:

  • Мыржан Рақымжанов — Эндри Лаффитуды 40-28 есебімен жеңді
  • Серік Сәпиев — Йорденис Угасқа қарсы 46-35
  • Қанат Орақбаев — Карлос Бантені 44-36
  • Геннадий Головкин — Йорденис Диспейнмен 40-37
  • Ердос Жаңабергенов — Юниель Дортикосты нокаутқа жеткізді

Ауыр салмақта кейбір сүрінулер болды (Ділдәбеков пен Сәрсекбаев жеңілді), алайда нәтиже — 5:6. Қазақстан "қолаға" ие болды, бірақ кубалықтарды қатты әлсіретті. Олар финалда ресейліктерге төтеп бере алмады.

2. Азия чемпионаты — шок нәтижелер

2005 жылы Вьетнамда өткен Азия чемпионаты күтпеген сенсациямен есте қалды:
Пәкістан құрамасы үш алтынмен бірінші орынды иеленді.

Қазақстан екінші болды:

  • Бахыт Сәрсекбаев, Ердос Жаңабергенов – алтын
  • Жеңіс Нұрғожин – күміс
  • Мыржан Рақымжанов, Жеңіс Таумұрынов, Рустам Рүстемов – қола

Өзбекстан сегізінші орынға тұрақтап, үш күміс пен бір қола еншіледі.

3. Әлем чемпионаты — медальмен түйінделген жыл

Қытайдағы әлем чемпионаты қазақ боксшылары үшін сәтті аяқталды:

  • Біржан Жақыпов, Мират Сәрсембаев, Бақтияр Артаев – қола
  • Ердос Жанәбергенов – күміс
  • Серік Сәпиев — финалда өзбек боксшысы Дильшод Махмудовты 39-21 есебімен жеңді

Қазақстан құрамасы жалпы есепте үшінші орынға ие болды. Тек Ресей мен Куба алда тұрды.
Өзбекстан жетінші орында қалып қойды.

Қайда жоғалттық сол күшті?

20 жыл бұрын қазақ боксы қарсылас танымаған. Бүгінгі нәтижелер салыстырмалы түрде қуантқанымен, сол жылдардағы жүйелілік пен үстемдік әлі де жетіспейді. Жаңа дәуірді қайта оятатын кез келді.