Қазақстандық былғары қолғап шебері Алуа Балқыбекова Астанадағы World Boxing кубогының ширек финалында кемі қола медаль иеленді.
Балқыбекова 51 келі салмақ дәрежесінде Жапониядан келген Юна Нисинакамен қолғап түйістіріп, жекпе-жекте 5:0 есебімен төрешілердің бір ауыздан шыққан шешімімен жеңіске жетті. Бұл оған турнирдің жартылай финалына жолдама алып келді және кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті..
Алуа Балқыбекова – қазіргі әлем чемпионы. Ол өзінің кәсіби мансабында бірнеше мәрте биік белестерді бағындырған: