Қазақстандық боксшы өзбекстандық қарсыласын жеңді (ВИДЕО)
04.07.2025, 20:32
Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Елдана Тәліпова Астанадағы әлем кубогының финалына жолдама алды.
Instagram/@boxingkazakhstan
Қазақстан мен Өзбекстан жекпе-жегінің нәтижесі
Жартылай финалда 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Елдана Тәліпова өзбекстандық Олтиной Сотимбоеваға қарсы шықты. Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілердің 3:2 есебімен жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.
Осылайша Елдана турнир финалына жолдама алып, кемінде күміс жүлдені қоржынға салды.
Елдана Тәліпова туралы не білеміз?
- 2025 жылы Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
- Ауыр салмақта Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүрген талантты спортшы;
- Халықаралық турнирлерде сенімді өнер көрсетіп келеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама