Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан әлем кубогында финалсыз қалды

Редактор Penalty.kz
04.07.2025, 21:23

Ауыр салмақтағы боксшы Сагындық Тоғамбай Астанадағы World Boxing кубогы турнирін қола жүлдемен аяқтады. 

Instagram/@boxingkazakhstan

Тоғамбай мен Ясар: финал жолындағы тартыс

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тоғамбай түркиялық Эмрах Ясарға қарсы рингке шықты. Тартысты өткен үш раундтың қорытындысында төрешілер бөлек шешіммен жеңісті түрік боксшысына берді.

Осы нәтижемен Эмрах Ясар кубок финалына шықса, Сағындық Тоғамбай қола медаль иегері атанды. Айта кетейік, бұл — қазақ боксшысы үшін халықаралық деңгейдегі кезекті жүлде.

Тоғамбай кім?

  • Жастар арасында үш дүркін Азия чемпионы;
  • 2022 жылғы Азия чемпионатының және Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері;
  • Қазақстан бокс мектебінің ауыр салмақтағы басты үміттерінің бірі.

Ал оның қарсыласы Эмрах Ясар — 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының былтырғы жеңімпазы.