Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Абылайхан Жүсіпов: "Бұл жеңіліс емес, бұл — әділетсіздік!"

Редактор Penalty.kz
11.07.2025, 15:00

Астанада бокстан өткен әлем кубогында Абылайхан Жүсіпов өз жекпе-жегінің нәтижесіне наразылық білдірді.

sports.kz
Реклама
Реклама

Қос раундта басым болған Жүсіпов “жеңіліп” қалды

70 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абылайхан Жүсіпов алғашқы айналымда Қырғызстанның өкілі Алмаз Оразбековпен жұдырықтасты. Екі раундта қазақстандық боксшы 5:0 есебімен басым түсіп, айқын көш бастап келе жатқан. Алайда үшінші раундта бас жарақатын алып, кездесу тоқтатылды.

Төбелес аяқталған соң төрешілер жеңісті қырғыз спортшысына беріп, көпшілік үшін күтпеген шешім шығарды.

“Бұлай болмауы керек еді” – Жүсіповтің ашық мәлімдемесі

Жекпе-жектен кейін Sport+ арнасына сұхбат берген Жүсіпов төрешілер шешімімен мүлде келіспейтінін айтты:

“Бұрынғы ережеге сай, баспен соқтығысып, жекпе-жек тоқтатылса — ұпай саналып, басым тұрған боксшы жеңіске жететін. Эйндховенде екі апта бұрын дәл осындай жағдай болды: өзбек Асахуджамен финалда соқтығысып қалдық, 1-раундты 3:2 есебімен мен алдым — жеңіс маған берілді. Бұл жолы да сондай шешім болу керек еді”, — деді боксшы.

Жүсіповтің айтуынша, ол бірінші және екінші раундта айқын басымдықпен ұтқан, ал үшінші раундты да сенімді бастаған. Сондықтан ол өзін жеңілді деп есептемейді.

Абылайхан – Азия мен әлем аренасында танылған есім

Абылайхан Жүсіпов — Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2021), сондай-ақ әлем чемпионаттарында үш рет қола медаль жеңіп алған (2017, 2019, 2021). Жасындай жарқыраған боксшының бұл жолғы жеңілісін көпшілік “әділетсіз шешім” деп қабылдауда.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары