Қазақстандық UFC жұлдызы Асу Алмабаев өзінің жаңа амплуасындағы дайындығын көрсетіп, Instagram парақшасына ерекше видео жүктеді.
Әдетте грэпплинг әдістерімен танылған Асу бұл жолы басымдықты соққы техникасына берген. Видеода ол қол және аяқпен соққы жасауды шеберлікпен орындайды. Мұндай өзгеріс – алдағы жекпе-жекке тыңғылықты дайындықтың белгісі.
"Сен ерекше емессің. Көп еңбектен!" – деп жазды Асу видеосының сипаттамасына.
26 шілде күні Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирінде Асу Алмабаев перулік Хосе Очоамен кездеседі. Бұл жекпе-жек бастапқыда өзбекстандық Рамазан Темировпен жоспарланған болатын. Алайда Темиров допинг сынамасынан өте алмай, турнирден шеттетілді.