Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Санжар Тәшкенбай АҚШ-та әйгілі бапкермен жаттығу бастады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
14.07.2025, 22:58

Қазақстан құрамасының көшбасшысы, әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай АҚШ-тың аты аңызға айналған маманымен жаттығу жасады.

instagram/@tashkenbay_sanzhar
Реклама
Реклама

Америкадағы алғашқы қадам: Вилориямен бірлескен жаттығу

Санжар Тәшкенбай АҚШ-та әйгілі бапкер Брайан Вилориямен жаттығу өткізді. Бұл сәттің видеосын спортшы өзінің Instagram парақшасында жариялады. Кадрларда Санжар мен америкалық маман қолғаптағы жұмыс пен техникалық элементтерді бірге пысықтап жатқаны көрінеді.

"Жұмыс. Жекпе-жек. Қайталау. Білікті жаттықтырушымен бірлескен дайындық", — деп жазды Санжар видео сипаттамасына.

Тәшкенбайдың жетістіктері

Санжар Тәшкенбай – 2023 жылы Ташкенттегі әлем чемпионатының және 2022 жылы Амманда (Иордания) өткен Азия чемпионатының жеңімпазы. Ол жақында Астанадағы әлем кубогында 50 келіге дейінгі салмақта алтын жүлде иеленіп, тағы бір мәрте ел намысын биікке көтерді.

Вилория– чемпиондардың чемпионы

Брайан Вилория – кәсіпқой бокста WBC, IBF, WBO және WBA тұжырымдары бойынша жеңіл салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы. 1999 жылы ол АҚШ-та "Жылдың үздік боксшысы" атанған. Оның тәжірибесі мен техникаға деген талабы Санжар үшін үлкен мектеп болмақ.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары