Сені сындырамын​​​​​​​! Ирандық файтер Еркебұлан Тоқтарға қатаң ескерту жасады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
13.08.2025, 21:49

Аралас жекпе-жек шебері әрі театр және кино актері Еркебұлан Тоқтар (10-3) алдағы OCTAGON 77 турнирінің басты жекпе-жегі қарсаңында қарсыласынан тікелей үндеу алды.

sn.kz

Жекпе-жек күні мен орны

16 тамызда Қонаев қаласындағы ASP Club аренасында ашық аспан астында өтетін кештің басты айқасында қазақстандық спортшы ирандық файтер Фарзад Гадеримен (18-14) кездеседі.

Қарсыластың мәлімдемесі

Ирандық спортшы жекпе-жек алдында Еркебұланға қатаң сөздер айтты:

Фарзад Гадери:
“Еркебұлан, дайындал! Мен келемін де, мұрныңды бет қыламын! Сені сындырамын, дайындал! Алматыға тек сені жеңу үшін барамын!”

Реклама
Реклама