Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Арманым үшін келдім". Әліби Ыдырыс UFC-дегі мақсатын айтты

Сарапшы, спорт журналисі
14.08.2025, 13:27

Базарда жұмыс істеп, күн көріп жүрген Әліби Ыдырыс UFC финалында ел намысын қорғайды.

Vesti.kz
Реклама
Реклама

Жеңіл салмақта бақ сынап жүрген қазақ файтері Әліби Ыдырыс UFC-дің The Ultimate Fighter жобасындағы әсерімен бөлісіп, алдағы финалдық жекпе-жек алдында басты мақсатын айтты. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлады. 

Финалда америкалық қарсылас

17 тамыз күні таңертең (Чикаго уақытымен) Әліби Ыдырыс UFC келісімшарты үшін америкалық Джозеф Моралеске қарсы октагонға шығады. Бұл айқас UFC 319 турнирі аясында өтеді. Кештің басты жекпе-жегі Хамзат Чимаев пен Дрикус дю Плесси арасында өтпек.

«Мен бұл жерге жай ғана жеңіс үшін келген жоқпын»

«Шынымды айтсам, мен бұл жерге тек жеңіс үшін келген жоқпын. Арманым үшін келдім. Бұрын да айтқанмын, жай ғана төбелес емес, нағыз шоу жасағым келеді. TUF-та қалай өнер көрсетсем, финалда да сондай жарқын айқас көрсеткім келеді», – деді Әліби.

Жеке тарихы мен табандылығы

Еске сала кетейік, бұған дейін спортшының анасы таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін базарда сүт өнімдерін сатып, адал еңбегімен отбасын асырап жүргені айтылған. Бұл жағдай Әлібидің спорттағы жетістікке деген жігерін одан әрі күшейткені анық.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары