Сені сындырамын! Ирандық файтер Еркебұлан Тоқтарға қатаң ескерту жасады (ВИДЕО)
Аралас жекпе-жек шебері әрі театр және кино актері Еркебұлан Тоқтар (10-3) алдағы OCTAGON 77 турнирінің басты жекпе-жегі қарсаңында қарсыласынан тікелей үндеу алды.
Жекпе-жек күні мен орны
16 тамызда Қонаев қаласындағы ASP Club аренасында ашық аспан астында өтетін кештің басты айқасында қазақстандық спортшы ирандық файтер Фарзад Гадеримен (18-14) кездеседі.
Қарсыластың мәлімдемесі
Ирандық спортшы жекпе-жек алдында Еркебұланға қатаң сөздер айтты:
Фарзад Гадери:
“Еркебұлан, дайындал! Мен келемін де, мұрныңды бет қыламын! Сені сындырамын, дайындал! Алматыға тек сені жеңу үшін барамын!”
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.