Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Махмұд Сабырханның жойқын соққылары Мексиканың үмітін күл-талқан етті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
07.09.2025, 16:25

Ливерпульдегі бокстан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады. 

instagram/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

1/16 финалдағы жеңіс

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сабырхан алғашқы айналымда Мексика өкілі Брайан Оуэн Ортиспен қолғап түйістірді. Қазақстандық былғары қолғап шебері айқын басымдықпен өнер көрсетіп, төрешілердің бір ауыздан шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл нәтижеден кейін Махмұд жарысты жалғастырып, келесі кезеңге жолдама алды. Ал мексикалық қарсыласы турнирден тыс қалды.

Жетістіктер жолы

Махмұд Сабырхан – соңғы жылдардағы қазақстандық бокстың ең жарқын өкілдерінің бірі. Ол:

  • 2023 жылы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы атанды;
  • 2021 жылы әлем біріншілігінде күміс медаль жеңіп алды;
  • 2024 жылы Азия чемпионы атанды;
  • 2022 жылы құрлықтық додада күміс жүлдегер болды.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары