АҚШ-та өткен Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфордтың бокс кешінде қазақстандық ауыр салмақты боксшы Иван Дычко алғаш рет жеңіліс тапты. Бұған дейін ол 15 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен (14-і нокаутпен).
Дычкоға қарсы рингке америкалық Джермейн Франклин (23-2, 15 KO) шықты. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын және толық қашықтыққа созылды. Қорытындысында төрешілер бірауыздан жеңісті Франклинге берді. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 24-ші жеңісі болды.
Дычко 2025 жылы екінші рет рингке шықты. Бұған дейін, шілде айында, ол АҚШ боксшысы Сэмюэл Кроссдты (11-5-1, 7 КО) бірінші раундта-ақ нокаутпен жеңген еді.
Иван Дычко кәсіпқой бокста 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.