Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова 48 келі салмақта әлемдік рейтингтің көшін бастады. Бұл – қазақ дзюдосы тарихындағы тұңғыш оқиға.
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова алғаш рет халықаралық рейтингтің көшбасшысы атанды. Бұл – қазақ дзюдосы тарихындағы ерекше сәт.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жариялаған соңғы рейтингте 48 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы Әбиба Әбужақынова бірінші орынға көтерілді. Бұған дейін ол екінші орында тұрған еді.
Бұған дейін Қазақстаннан тек Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг қана әлемдік рейтингтің көшін бастаған болатын.
Әбужақынова соңғы жылдары тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп жүр:
Әбибадан бөлек, әлемдік рейтингтің топ-15 қатарына тағы үш қазақстандық дзюдошы кірді:
Әбиба Әбужақынованың әлемдік рейтингті бағындыруы – тек жеке жетістік емес, қазақ дзюдосының халықаралық деңгейдегі беделін көтерген оқиға. Бұл жеңіс алдағы Олимпиада алдында да үлкен сенім сыйлайды.