Әлемнің жаңа үздік боксшысы анықталды
Америкалық жеңілмеген боксшы Теренс Кроуфорд салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшысы атанды.
Кроуфорд – үш дүркін абсолютті чемпион
37 жастағы Теренс Кроуфорд 14 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте Сауль «Канело» Альваресті жеңіп, мансабындағы үшінші мәрте абсолютті әлем чемпионы белдігін иеленді. Бұл жеңістен кейін оның кәсіби рекорды 42-0 (31 KO) көрсеткішіне жетті.
Осы жетістігі үшін беделді ESPN спорттық порталы Кроуфорды pound-for-pound рейтингінде бірінші орынға шығарды.
Pound-for-pound үздіктер тізімі
- Теренс Кроуфорд (42-0, 31 КО)
- Александр Усик (24-0, 15 КО)
- Наоя Иноуэ (31-0, 27 КО)
- Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО)
- Джесси Родригес (22-0, 15 КО)
- Артур Бетербиев (21-1, 20 КО)
- Шакур Стивенсон (24-0, 11 КО)
- Давид Бенавидес (30-0, 24 КО)
- Дзунто Накатани (31-0, 24 КО)
- Сауль «Канело» Альварес (63-3-2, 39 КО)
Канело – Кроуфорд айқасы
Жекпе-жек АҚШ-тың Невада штатындағы Allegiant Stadium аренасында өтті. Тартысты 12 раундқа созылған кездесу Кроуфордтың сенімді жеңісімен аяқталды.
Америкалық боксшы алғашқы раундтардан-ақ жылдамдық пен дәлдікке сүйеніп, Канелоның ауыр соққыларынан сытылып отырды. 4-раундта мексикалық боксшының оң қолымен дөп тиген соққысы сәл шайқалтқанымен, Кроуфорд тез қалпына келді.
5-раундтан кейін Кроуфорд толықтай үстемдік орнатып, денеге және бастан дәл соққыларымен қарсыласын қыспаққа алды. 7-раундтағы әдемі комбинация көрерменді дүр сілкіндірді.
Соңғы раундтарда Канело бар күшін салса да, Кроуфорд шебер қимылдап, қарымта шабуылдарымен ұпай жинады. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Кроуфордқа берді — 116-112, 115-113, 115-113.
Бұл тарихи айқасқа байланысты жалпы түсім шамамен 200 миллион долларға жетті.