Реклама
Реклама

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатындағы "алтын" үшін 15 мың доллар алады

Сарапшы, спорт журналисі
21.09.2025, 11:30

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

sportilinet.kz

Үкіметтің марапаттау жүйесі

Қазақстан Үкіметінің спортшыларды ынталандыру туралы қаулысына сәйкес, әлем чемпиондарына 15 мың АҚШ доллары (шамамен 8,12 млн теңге) көлемінде сыйақы беріледі. Сондай-ақ спортшының бапкерлеріне 10 мың доллар (5,41 млн теңге) табысталады.

Тарихи жетістік

Айдос Сұлтанғали грек-рим күресі бойынша XXI ғасырда ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтын алған алғашқы қазақстандық балуан атанды. Бұл – ел спорты үшін тарихи белес.

Чемпиондық жол

60 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Сұлтанғали бірінен соң бірін мықтыларды жеңді:

  • америкалық Максвелл Хоппер Блэк,
  • израильдік Мелкаму Фетене,
  • КХДР спортшысы Се Ун Ри,
  • грузин балуаны Амиран Шавадзе,
  • ал финалда өзбекстандық Әлішер Ғаниевті тізе бүктірді.
Реклама
Реклама