Реклама
Реклама

Александр Усик Төрехан Сабырханды мақтады

Сарапшы, спорт журналисі
21.09.2025, 19:07

Абсолютті әлем чемпионы, суперауыр салмақтағы украиналық боксшы Александр Усик World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионатына арнайы шақырылған құрметті қонақ болды.

sports24.kz

Сабырханның жекпе-жегі Усикке әсер етті

Усиктің айтуынша, оны ерекше таңғалдырған жекпе-жек – 19 жастағы қазақстандық Төрехан Сабырхан мен британдық Одала Камара арасындағы жартылай финалдық кездесу.

Тіпті украиналық чемпион бұл талантты жас боксшы туралы Геннадий Головкиннен де сұрастырғанын жасырмады.

«Жақсы айқастар болды. Қазақ жігіт 70 келіде жұдырықтасты, жас екен. Геннадийге де айттым – жасы 18-де сияқты. Расымен мықты. Қарсыласы британиялық секілді, өте жақсы жекпе-жек болды», – деді Усик.

Қазақстандық рекордшы чемпион

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан қазақ боксы тарихындағы ең жас әлем чемпионы атанды. Ол 70 келі салмақта алтын медаль иеленіп, жаңа рекорд орнатты.

Реклама
Реклама