Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"ХХІ ғасырдағы тұңғыш чемпион: Тоқаев Айдос Сұлтанғалиды жеңісімен құттықтады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 17:37

Отандасымыз грек-рим күресінен кейінгі 26 жылда алғаш рет Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салған болатын. 

Forbes.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиды құттықтап, оның жеңісін ХХІ ғасырдағы қазақ күресі үшін тарихи оқиға деп атады.

Хорватия астанасы Загребте өткен әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айдос Сұлтанғали финалда өзбек балуаны Әлішер Ғаниевті небәрі бір минут ішінде таза жеңіспен ұтып, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің құттықтауында:

«Айдос Сұлтанғалиды Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз. Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!»деп жазды.

Бұл жеңіс Сұлтанғали үшін ғана емес, бүкіл қазақ спорты үшін айрықша маңызға ие. Себебі, грек-рим күресінен Қазақстан ХХІ ғасырда алғаш рет әлем чемпионын шығарды. Соңғы рет біздің балуандар бұл жетістікке 1999 жылы Мхитар Манукянның арқасында жеткен болатын.

Жолдағы жеңістер

Алтын жүлдеге барар жолда Айдос Сұлтанғали бірінен соң бірін мықтыларды тізе бүктірді:

  • Іріктеу кезеңінде — америкалық Максвелл Хоппер Блэкті;
  • Келесі айналымда — израильдік Мелкаму Фетенені;
  • Ширек финалда — Париж Олимпиадасының және Азия ойындарының қола жүлдегері Сеун Лиді (Солтүстік Корея);
  • Жартылай финалда — грузиялық Амиран Чавадзені жеңді.

Тарихи деректер

Грек-рим күресінен Қазақстан спортшылары әлем чемпионатында бұған дейін бірнеше мәрте топ жарған еді:

  • Мхитар Манукян — 1998, 1999 жж.
  • Бақтияр Байсейітов — 1998 ж.
  • Юрий Мельниченко — 1994, 1997 жж.

Ал 60 келі салмақта жүлдегерлер қатарында Алмас Кебіспаев, Нұрбақыт Теңізбаев, Мейрамбек Айнағұлов және Айдостың өзі бар.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары