Реклама
Реклама

Әлем чемпионына $10 мың?! Қуат Хамитов әділетсіз сыйақыны сынға алды

Сарапшы, спорт журналисі
21.09.2025, 16:28

Жуырда Айдос Сұлтанғали Загребте грек-рим күресінен өткен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына 26 жылдан кейін алғаш рет алтын медаль салған еді. 

El.kz

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалидың сыйақысына көңілі толмайтынын айтты.

Загребте (Хорватия) өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен Қазақстанға тарихи алтын сыйлады. Бұл — тәуелсіз Қазақстан тарихындағы осы стильде соңғы 26 жылдағы (соңғы рет 1999 жылы Мхитар Манукян жеңген) ең ірі жетістік.

Алайда дәл осы жеңістің артынан қоғамда қызу талқылау тудырған мәселе көтерілді — чемпионға берілген 10 мың доллар көлеміндегі сыйақы.

Қуат Хамитовтың сыны

Белгілі файтер Қуат «Найман» Хамитов Instagram парақшасында ашық пікір білдірді:

«Адам тарих жасады, ал оған берген сыйақысы — күлкілі. Футболшылардың ай сайынғы жалақысының бір бөлігін берсе де, лайық болар еді. Бұл — бүкіл елдің абыройы. Заңды өзгерту керек! Чемпиондарымызға лайықты құрмет көрсетілуі тиіс», — деп жазды спортшы kzsports Инстарграм парақшасында.

Айта кетейік

Айдос Сұлтанғалидың жеңісі Қазақстан спорты үшін жаңа кезең ашты. Ол ХХІ ғасырдағы тұңғыш әлем чемпионы атанып, ел спортының даңқын асқақтатты.

Реклама
Реклама