Реклама
Реклама

Биыл бокстан тағы бір әлем чемпионаты ұйымдастырылады

Сарапшы, спорт журналисі
23.09.2025, 17:48

2025 жылы бокстан қосымша әлем чемпионаты өткізілу ықтималдығы жоғары. Бұл жаңалықты Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев жария етті. 

sportbox.ru

Кремлевтің мәлімдемесі

IBA басшысы алдағы күндері турнирге қатысты нақты ресми ақпарат берілетінін айтты:

«Әлем чемпионаты міндетті түрде өтеді. Біз бұл турнирді тарихтағы ең ауқымды додаға айналдырмақпыз. Спортшылар үшін ұйымдастыру жұмысы жоғары деңгейде болады. Сондай-ақ жүлде қоры да ұлғаяды. Оның көлемін жақын арада жариялаймыз», – деді Кремлев.

Соңғы чемпионат қайда өтті?

Айта кетейік, ерлер арасындағы соңғы IBA әлем біріншілігі 2023 жылы Өзбекстанның астанасы Ташкентте өткен еді. Ол жарыс көптеген елдердің қатысуымен есте қаларлық додалардың бірі болған.

Реклама
Реклама