Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты ресми түрде басталды.
Аталған жарысқа елдің үздік боксшылары жиналды. Алайда ұлттық құраманың кейбір жұлдыздары бапкерлер шешімімен турнирден босатылған.
Бапкерлер кеңесі Ливерпульдегі тарихи әлем чемпионатында медаль еншілеген боксшыларды ел біріншілігіне қатысудан босатты. Олардың қатарында:
Қалғандары соның ішінде биылғы әлем чемпионатына қатысқан боксшылар да Семей рингіне шығуы тиіс болатын.
Олимпиададағы жарқын өнерімен қазақ боксын сақтап қалған Нұрбек Оралбай да бастапқы тізімде болған еді. Алайда соңғы сәтте оның чемпионатқа қатыспайтыны белгілі болды. Sportarena.kz мәліметінше, Нұрбек жарақатына байланысты жарысқа қатыса алмайды.
Бұл жанкүйерлер үшін күтпеген жаңалық. Себебі 2025 жылғы маусым Нұрбек үшін аса сәтті болған жоқ:
Қазір 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде айқын фаворит жоқ. Сондықтан Нұрбектің жоқтығы жас боксшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ.
Сарапшылардың айтуынша, Семейдегі чемпионатта жаңа есім жарқ етіп шығуы әбден мүмкін.