Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Даңқты сұлу боксшы қарсыласын тас-талқан етті

Сарапшы, спорт журналисі
15.10.2025, 21:14

Семейде елдің ең үздік былғары қолғап шеберлері жиналған тартысты жекпе-жектер өтіп жатыр.

instagram/@safronovamilana1
Реклама
Реклама

Милана Сафронова қарсыласын "жойды"

65 келі салмақ дәрежесінде Қарағанды облысының намысын қорғап жүрген Милана Сафронова өз жолындағы алғашқы кедергіден сенімді өтті. Оның қарсыласы астаналық Ақбота Есімбекова болатын.

Жекпе-жектің алғашқы минуттарынан бастап Сафронова толық басымдық танытып, қарсыласын дәл және белсенді соққылармен қыспаққа алды. Барлық раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бір ауыздан жеңісті Миланаға берді. Осылайша ол чемпионаттың келесі кезеңіне жолдама алды.

Чемпионның жетістіктері

Қарағанды облысының мақтанышы Милана Сафронова — әлемдік деңгейде танылған спортшы. Ол:

  • 2019 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері,
  • 2021 жылғы Азия чемпионы,
  • 2018 және 2020 жылдардағы Қазақстан чемпионы атанған.

Сафронова Семейдегі турнирде де жеңіске деген жігері мен тәжірибесін көрсетіп, алтын жүлде үшін басты үміткерлердің бірі екенін дәлелдеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары