Реклама
Реклама

"Qazaqstan Barysy – 2025": Әр өңірдің үздіктері елордаға жиналады

Сарапшы, спорт журналисі
16.10.2025, 21:29

Балуандар бәсекесі 18 қазан күні басталады. 

BAQ.KZ

18 қазан күні сағат 13:00-де Астанада қазақ күресінің ең беделді додасы — «Qazaqstan Barysy» республикалық турнирі өтеді. Әр өңірден келген үздік балуандар бозкілемге шығып, ұлттық намыс пен Тайтұяқ атағы үшін күш сынаспақ.

Биылғы турнир елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. 

Күрес жанкүйерлері бозкілемде әр аймақтың мықтыларын, ұлттық күрестің жаңа жұлдыздарын көруге мүмкіндік алады.

Qazsport арнасында тікелей эфир

Ұлттық мақтанышқа айналған «Qazaqstan Barysy» турнирін жанкүйерлер Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр турнирдің бас жүлдесі Абай облысынан келген Ерасыл Қажыбаевқа бұйырған еді. 

Реклама
Реклама