Жамбыл облысының намысын қорғайтын жас талант, 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы Бексұлтан Боранбек Қазақстан чемпионатындағы алғашқы айналымда сенімді жеңіске жетті.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Боранбек Алматы облысының өкілі Ақылтай Рабатовты айқын басымдықпен ұтты. Жекпе-жек басынан-ақ Бексұлтан тізгінді өз қолына алып, қарсыласын қысымда ұстады. Оның дәл соққылары мен шабуыл қарқыны Рабатовқа еш мүмкіндік қалдырмады.
«Бұл тек бастамасы. Әр раундта өз қарқысымды сақтау — басты мақсатым», – деді Боранбек айқастан кейінгі сұхбатында.
Еске салайық, Бексұлтан Боранбек 2024 жылы Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Сол жетістіктен кейін халықаралық аренада өзін сенімді көрсетіп келеді.
Тамыз айында өткен Азия чемпионатында Бексұлтан өзінен ауыр салмақтағы қарсылас – өзбек боксшысы Самандар Олимовқа төрешілер шешімімен жол берген еді. Бұл кездесуде Боранбек 55 келіге дейінгі салмаққа алғаш рет көтерілген, ал Олимов керісінше 57 келіден төмендеген.