Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан чемпионы қарсыласын тас-талқан етіп жеңді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
18.10.2025, 20:40

Семейде ерлер мен әйелдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. 

sportiline.kz
Реклама
Реклама

Ертуған Зейнуллинов — сенімді жеңіс иесі

65 келі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Алматы облысының боксшысы, ұлттық құраманың чемпионы Ертуған Зейнуллинов Қызылорда облысының өкілі Бағлан Тұрсынбаймен кездесті.

Жекпе-жек Зейнуллиновтың айқын басымдылығымен аяқталып, төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті оған берді.

Чемпионның жетістіктері

Ертуған Зейнуллинов — 2024 жылғы Қазақстан чемпионы, сондай-ақ 2025 жылы Болгарияның София қаласында өткен “Странджа” кубогының финалисі.

Ол Астанада ұйымдастырылған World Boxing Кубогы-2025 кезеңінде қола медаль иеленсе, Ливерпульдегі әлем чемпионатының ширек финалында Олимпиада чемпионы, өзбек боксшысы Асадхуджа Муйдинхуджаевқа жол берген.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары