Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға шықты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:15

Қарағанды облысының намысын қорғап жүрген әйгілі боксшы, Азия чемпионы Абылайхан Жүсіпов Қазақстан чемпионатының ширек финалында сенімді жеңіске жетті. 

NUR.KZ
Реклама
Реклама

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жүсіпов Маңғыстау облысының боксшысы Ағажан Қадырмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Төрешілердің бірауызды шешімімен (5:0) Абылайхан келесі кезеңге өтті.

Бұл жеңіс Жүсіповке кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Былтыр Абылайхан Жүсіпов Таиландтың Чиангмай қаласындағы Азия чемпионатында (ASBC) алтын жүлде иемденді. Сондай-ақ, ол әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері саналады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары