Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстандық файтер 63 секундта өзбек қарсыласын ұйықтатып тастады

Сарапшы, спорт журналисі
19.10.2025, 21:29

Түркістандағы Alash Pride FC 113 турнирінде Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары арасындағы жекпе-жек жарқын нокаутпен аяқталды. 

sports.kz
Реклама
Реклама

Турнирдің айқынды сәті

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Кенжебай Дінислам (3-1) Өзбекстан спортшысы Сардорбек Мамарсуловпен (0-1) кездесті. Үш раундқа жоспарланған айқас небәрі 63 секундқа созылды.

Дінислам жекпе-жектің басында-ақ басымдықты өз қолына алып, тұншықтыру әдісі арқылы жеңіске жетті. Мамарсулов есінен танып, жекпе-жек бір минуттан сәл аса уақытта тоқтатылды.

Кәсіби мансаптағы төртінші жеңіс

Бұл жеңіс Кенжебай Дінисламның кәсіби ММА мансабындағы төртінші табысы болды. Ал Сардорбек Мамарсулов қатарынан екінші рет жеңіліс тапты.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары