Жәнібек Әлімханұлының салмағындағы қос белбеу үшін өткен жекпе-жек нокаутпен аяқталды.
20.10.2025, 23:48
Орта салмақтағы екі чемпиондық атақ үшін өткен британдық бокс кеші нокаутпен аяқталды. Жергілікті Джордж Лиддард (13-0, 8 КО) өз отандасы Кирон Конвейді (23-4-1, 7 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, Ұлыбритания мен Достастық елдері чемпионы атақтарын иеленді.
instagram/@latinboxsports
Жекпе-жек Лондонда өтті. Джордж Лиддард айқастың басынан соңына дейін қарсыласын толық бақылауда ұстады. Тоғызыншы раундта Конвейді нокдаунға түсірді. Ал оныншы раундта Конвей бұрышы рингке орамал тастап, жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Айта кетсек, дәл осы орта салмақ санатында Қазақстанның мақтанышы, Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) өнер көрсетеді. Ол қазір WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы белбеулерінің иегері саналады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама