Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ұлттық құрама боксшылары алтын медаль үшін айқасты

Сарапшы, спорт журналисі
21.10.2025, 13:09

Семейде бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері қыза түсті. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел құрамасының қос мықтысы — Серік Теміржанов (Павлодар облысы) пен Бибарыс Жексен (Жамбыл облысы) алтын медаль үшін жұдырықтасты. 

NUR.kz
Реклама
Реклама

Финалдағы тартыс

Жекпе-жек жоғары қарқында өтті. Екі боксшы да чемпиондық белбеуді қолдан бермеуге барын салды. Бірінші раундта Теміржанов алға шығып, қарсыласына қысым жасады. Ал екінші раундта Жексен қарымта шабуылдарын күшейтті. Соңғы раунд шешуші сәтке айналды — төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс Серік Теміржановқа берілді.

Осылайша Теміржанов Қазақстан чемпионы атанды, ал Бибарыс Жексен күміс жүлдеге ие болды.

Боксшылардың жетістігі

Серік Теміржанов — ел боксының танымал есімі:

  • Әлем және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері (57 кг);
  • Токио-2020 Олимпиадасының қатысушысы.

Ал Бибарыс Жексен 2025 жылы Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында өнер көрсетіп, ширек финалға дейін жеткен болатын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары