Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Куат Хамитов жеңістен кейін ән айтып, халыққа үн қатты

Сарапшы, спорт журналисі
23.10.2025, 21:56

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (27-8-2) Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен ACA 194 турнирінде ресейлік Анатолий Бойконы (12-5) жеңіп, жанкүйерлерін қуантты. 

sports.kz
Реклама
Реклама

Қуат Хамитовтың жеңісі мен жүрекжарды сөзі

Жекпе-жектен кейін Хамитов елге арнаған әсерлі сөз сөйлеп, мерекелік көңіл күймен өз халқы үшін ән шырқады.

«Бүгін менің елімде үлкен мереке — Республика күні! Есіңізде болса, он жыл бұрын мен халқым үшін қазақ тілінде ән айтқан едім. Сол сәтті қайта еске алып, бүгін де халқыммен бірге қуанышымды бөліскім келеді. Бұл жеңісімді елімнің барлық патриоттарына арнаймын!», — деді Қуат Хамитов.

Хамитов: «Біз бір нанды бөліп жеген халықпыз»

Жеңімпазсөзін жалғастырып, бұрынғы кеңестік елдерге бейбіт өмір мен достыққа шақыру жолдады:

«Мен бұрынғы КСРО елдеріне айтарым — тату болайық, бейбіт өмір сүрейік. Біздің аталарымыз соғыста бірге шайқасты. Бір нанды бөліп жеді, ортақ жеңіс үшін күресті. Сондықтан бүгін біз ұлтқа, тілге, елге бөлінбеуіміз керек. Бірлікте өмір сүрейік!» — деді ол.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары