Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақ күресі қауымдастығын Үндістан азаматы басқарады

Сарапшы, спорт журналисі
29.10.2025, 07:30

Түркістанда өткен жиында сондай-ақ, қазақ күресінен әлем чемпионатын Әзербайжанда өткізу туралы тарихи шешім қабылданды. 

Almaty.tv
Реклама
Реклама

2026 жылы тамыз айында қазақ күресінен Әлем чемпионаты Әзербайжанның астанасы Бакуде өтеді. Бұл шешім Түркістанда өткен стратегиялық жиында жарияланды. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрін Азия ойындарының бағдарламасына енгізу бағыты нақтыланып, Азия қазақ күресі ассоциациясы құрылғаны белгілі болды. Президент болып Үндістан өкілі Хариш Тияги сайланды. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

Түркістанда өткен алқалы жиында қазақ күресінің даму стратегиясы мен халықаралық кеңею жоспары талқыланды. 

«Азия чемпионаты аясында Азия қазақ күресі ассоциациясының шымылдығын ашып таныстырдық. Шетелдік азаматтардан басшылық құрамды тағайындадық. Бұл біз үшін стартегиялық маңызы зор жұмыс. Өйткені Азия ойындарының бағдарламасына ену жолындағы бірден-бір талаптар осы», — деді «Qazaq Kuresi» қауымдастығының бас директоры Дамир Бекбосынов.

Айта кетейік, бүгінде қазақ күресі Азияның 15 елінде дамып келеді. Қазақ күресі ассоциациясының президенті осылай деді. Ендігі мақсат – бұл спорт түрін Азия ойындарының ресми бағдарламасына енгізу.

Атқарушы комитеттің шешімімен енді әр елдің федерациясы ересектер арасындағы ішкі чемпионатты жыл сайын өткізуге міндетті. Сонымен қатар, әрбір ұлттық қауымдастық өз елінің Олимпиада комитетімен және спорт министрлігімен бірлесе жұмыс істеуі тиіс.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары