Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қос қазақстандық боксшы Азиада финалына шықты

Сарапшы, спорт журналисі
28.10.2025, 22:07

Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар тамаша өнер көрсетіп, финалға жолдама алды.

sportilinet.kz
Реклама
Реклама

Досжан Жұмахан жапониялықты тізе бүктірді

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Досжан Жұмахан жартылай финалда жапониялық Рюсэй Китамурамен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек басталған сәттен-ақ Досжан жоғары қарқын көрсетіп, қарсыласын қыспаққа алды. Оның дәл және акцентті соққылары жекпе-жектің бағытын толықтай өз бақылауына өткізуге мүмкіндік берді.

Соңғы раундта да басымдығын сақтаған қазақстандық спортшы төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Азия ойындарының финалына шықты.

Арман Мырсәбит айқын басымдықпен жеңді

Тағы бір отандасымыз, 46 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Арман Мырсәбит те жартылай финалда сенімді жеңіске жетті.

Ол тәжік боксшысы Дамир Назаровпен кездесіп, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Төрешілер бірауыздан шешім қабылдап, қазақстандыққа 5:0 есебін берді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары