Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Үшінші белбеуді иеленемін": Жәнібек Әлімханұлы үндеу жасады

Сарапшы, спорт журналисі
04.11.2025, 12:20

Қазақстандық кәсіпқой боксшы өз жеңісіне сенімді екенін айтты.

Жәнібек Әлімханұлы. Фото: ашық дереккөзден
Реклама
Реклама

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) келесі айда өтетін WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) жекпе-жектен жеңіспен шығатынына сенімді.

Әлімханұлы мен Лара үш чемпиондық атақ үшін 6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штаты, Сан-Антонио қаласында жұдырықтасады. Қазақстан уақытымен бұл кездесу 7 желтоқсан таңында өтеді.

«6 желтоқсан — мен әлем чемпионы атағының үшінші белбеуін иеленемін!», — деп жазды Әлімханұлы Х әлеуметтік желісінде, жаттығу лагерінен бірнеше суретпен бөлісіп.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы осы салмақтағы төрт белбеудің барлығын біріктіруді жоспарлап жүргенін мәлімдеген еді. Қазір жетіспей тұрған WBC нұсқасы бойынша чемпиондық белбеудің иегері — доминикандық Карлос Адамес (15-1, 10 KO).

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары