Реклама
Реклама

Қазақстанның ең көрікті боксшысы ұлттық құрамаға оралды

Сарапшы, спорт журналисі
04.11.2025, 21:28

Қазақстандық танымал боксшы, жанкүйерлер арасында «елдің ең сұлу боксшысы» атанған Балауса Мұздыман әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялап, өз жанкүйерлерін қуантты.

instagram/@muzdi__

Мұздыман қайтадан ұлттық команданың қатарында

Спортшы Олимпиадалық резервті даярлау орталығында түсірілген видеосын бөлісті. Кадрлардан Мұздыманның Қазақстан әйелдер құрамасымен бірге жаттығу өткізіп жүргені байқалады. Онымен бірге 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Әнел Сағыш та жаттығу үстінде көрінді.

Ұлттық құрамамен байланыс үзілмеген

Айта кетсек, Балауса Мұздыман кәсіби боксқа өтпей тұрып Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен. Ол соңғы кездесу алдында да әйелдер құрамасымен бірге дайындық жүргізген.

Балаусаның соңғы айқасы 5 қыркүйекте Алматыда өтті. Ол үнді боксшысы Мамта Сингхпен бес раундтық кездесуде күш сынасып, төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Реклама
Реклама